Шымкентте 2300-ге жуық үй мен бірнеше кәсіпорын көгілдір отынсыз қалды

ТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында жекеменшік сектордағы 1830 абонент, көпқабатты тұрғын үйлердегі 420 абонент,
None
None

сондай-ақ 7 коммуналдық-шаруашылық кәсіпорны: «Дау мед», «Арзу» және «Шухрат» дәмханалары, «Түркістан» мен «Шымқала» тойханалары, «Нимекс, механикалық зауыты» компаниясы газсыз қалды.

ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, төтенше жағдай жексенбі күні, Чапаев пен 1 Мамыр көшелерінің қиылысында, экскаватор жермен жұмыс істеуі кезінде диаметрі 125 мм-лік газ құбырын зақымдауынан орын алды.

Газ құбырын қалпына келтірумен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның апаттық бригадасы айналысуда.

Соңғы жаңалықтар