12:10, 19 Ақпан 2013 | GMT +5
Шымкентте 40-тан астам адамды алдаған алаяқтар сотталды
ШЫМКЕНТ. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Шымкентте 40-тан астам адамды алдаған алаяқтар бас бостандықтарынан айырылды.

Айыпталушылар жалпы сомасы 7 миллионға жуық теңгеге шығын келтірді. Тергеу нұсқасы бойынша, ер адам мен әйел Қазығұрт ауданының тұрғындарына тұрмыстық техникаларға несиені ресімдеуге көмектесіп, кейін бірнеше миллиондық несиелерді алып беруді уәде еткен. Көмектері үшін сыйақылары - ақша, алтын, пластик карточкалары болды.
Әл-Фараби аудандық сотының шешімімен сотталушы ер адам жазасын жалпы режімдегі түзеу абақтысында өтеумен 4 жылға бас бостандығынан айырылды, әйелге қатысты сот 2 жыл, 6 ай мерзімге абақтыға тоғыту шешімін қабылдады. Бұдан басқа, сот оларға жәбірленушілерге барлық ақшаны қайтаруды міндеттеді.