08:17, 07 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Шымкентте 5 қабатты үйде болған өртте ер адам мен әйел зардап шекті
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - 6 желтоқсан күні сағат 23.26-да Шымкенттің Абай ауданында бес қабатты үйдің екінші қабатында орналасқан пәтерден өрт шықты.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, өрт бір сағатқа жуық уақыттан кейін сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 18 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Тілсіз жау 6 шаршы метрді шарпыды. Өрт салдарынан 31 жастағы ер адам мен 30 жастағы әйел күйік жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.