Шымкентте Ақпан батырға ескерткіш орнатылды

Монумент қаладағы Ақпан батыр көшесінің басында орналастырылған. Сонымен қатар Шымкенттегі мектептердің біріне батырдың есімі берілген. Жауынгер аттың үстіне мінген Ақпан батырдың бейне-мүсінінің авторы кәсіби мүсінші Сұлтан Иляев. 5,5 метр биіктікті құрайтын ескерткіш қоладан жасалынған. Онымен бірге жерастынан 6 метр биіктікте тұғыр орналастырылған. Мемориалдың құны шамамен 30 млн. теңгені құрайды.
Ақпан батыр тарихқа Қоқан және басқа да сыртқы жаулардан қазақ халқын азат етуші батырлардың бірі ретінде енді. Ол қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысында, Қазығұрт тауының маңында дүниеге келген.
Ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне облыстың барлық аудандарынан өкілдер, соғыс ардагерлері, тарихшылар, ғалымдар, мәдениет саласының қызметкерлері, зиялы қауым қатысты.