Шымкентте алғаш рет тізе буынын ауыстыру операциясы жасалды

МКЕНТ. 16 қараша. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысы клиникалық ауруханасының дәрігерлері алғаш рет тізе буынын ауыстыру операциясын жасады.
None
None

«Біздің шақыруымызбен Мәскеуден екі дәрігер келді. Олар біздің хирургтерімізбен бірігіп операциялар жасайды. Алдағы уақытта мұндай операцияларды біздің дәрігерлер өздері өткізе алады», - деді ОКА бас дәрігері Мұқан Егізбаев.

Екі күн ішінде 4 операция жасау жоспарлануда. Облыстық ауруханада буындарды жасандыға ауыстыру қолданып отыр. «Бірнеше жыл бойы біз сан-жамбас буынын қайта отырғызумен айналысып жүрміз. Биылғы жылдың өзінде-ақ мұндай операциялардың жүзден астамы өткізілді. Ал тізе буынына операция жасауды алғаш рет жүргіздік», - деп түсіндірді М. Егізбаев.

Бұдан басқа, жақын күндері аурухана қабырғасында бірегей операция өткізілді. Ультрадыбыстық лазер арқылы 45 жастағы емделуші бауырының 60 %-ы алып тасталынды. Операцияны медицина ғылымдарының докторы, профессор Болат Баймаханов жүргізді.

Соңғы жаңалықтар