Шымкентте аптап ыстық салдарынан жедел жәрдемге жүгінушілер саны артты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте аптап ыстық салдарынан жедел жәрдем шақыртушылар көбейді.
None
None

«Тәулігіне 1500-ге жуық шақырту болады. 69 бригада жұмыс істеуде. Аптап ыстықта гипертониялық ауруға шалдыққан науқастар медициналық көмекке жиі жүгінеді. Бұдан басқа, өткір ішек инфекциясы, тыныс алу мүшелерінің ауруларына шағымданғандар саны артып отыр», - деді жедел жәрдем бас дәрігері орынбасарының міндетін атқарушы Гүлназ Бақтыбаева.

Дәрігер шымкенттіктерге осы күндері көшеге көп шықпауға шақырды. Егер шыға қалған жағдайда, дымқыл сулық, ашық түсті қолшатыр, су, күннен қорғайтын көзілдірік ала жүрген дұрыс. Бірнеше күннен бері Шымкентте термометр көрсеткіші 40 градустан төмен түспей тұр. Шымкенттік зообақта аңдардың суға түсуі екі есеге артты. Аю мен бегемоттардың бассейніндегі сулар жиі ауыстырылады. Қатты ыстықтан жолдардың асфальті жарылып, шұңқырлар пайда болуда.

Соңғы жаңалықтар