Шымкентте ардагерлер, жетімдер мен жас отбасылар жаңа пәтер кілттеріне ие болды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Жаңа пәтерлердің кілттеріне ардагерлер, жетімдер және жас отбасылар ие болды.
None
None

«Нұрсәт»шағын ауданында қоныс тойын жүздеген отбасы атап өтеді. 132 жетім көптен күткен баспанға ие болды. Балалар үйлерінің бұрынғы түлектерінің өздерінің отбасылары бар және осыған дейін олар жалдамалы пәтерден екіншісіне көшіп жүрді. ҰОС-ның 12 ардагері де баспаналы болды. Енді Ұлы Отан соғысына қатысушылардың бәрі баспанамен қамтамасыз етілді, деді облыстық әкімдіктен.

«Мен өзімді бақыттымын деп санаймын. Мен Тәуелсіздік күні қарсаңында осындай сыйлыққа ие болдым. Бұл мен үшін күтпеген жағдай. Мен ұзақ уақыт бойы өзімнің балаларымда тұрып келдім, ал енді менің өзімнің пәтерім бар», - деп алған әсерімен ҰОС ардагері Мұраталы Төлепбергенұлы бөлісті.

Ардагерлер мен балалар үйінің түлектері үшін екі үй пайдалануға берілді. Олардың әрқайсысында 72 пәтерден. Тағы екі көпқабатты үйге жас отбысылар қоныстанады. Ол үйлерде 63 пәтерден. Олардың бәрі - сатып алу құқығымен жалдамалы пәтер алу кезегінде тұрғандар.

Биылғы жылы тағы үш үй пайдалануға беріледі. Онда жас отбасылар қоныс тойын тойлайды. ОҚО әкімінің орынбасары Берік Оспановтың сөзіне қарағанда, алдағы 2-3 жылда облыста барлығы 1 млн. шаршы метр баспана тапсырылады.

Соңғы жаңалықтар