12:36, 31 Мамыр 2015 | GMT +5
Шымкентте автомобиль жаяу жүргіншілерді қағып кетіп, салдарынан бір адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының адам көп жүретін қиылыста орын алған ірі көлік апатынан жаяу жүргіншілер зардап шекті.

Жол-көлік оқиғасы қаланың ортасындағы Иляев пен Момышұлы көшелерінің қиылысында орын алған, бұл жерде «Мерседес» пен «БМВ» соқтығысты.Оның салдарынан «БМВ» тротуарға шығып, жаяу жүргіншілер тобын соқты. Апат салдарынан бір адам қаза тапты, алдын ала мәліметтер бойынша, ол БМВ көлігінің жолаушысы болған.
«Кеше болған апат салдарынан жедел медициналық көмек ауруханасына 8 адам жеткізілді. Бесеуі көмек көрсетілген соң үйлеріне жіберілді. Қазіргі кезде екі адам жансақтау бөлімінде жатыр. Әйелдің жағдайы өте ауыр. Оның бас миы соғылған, көкбауыры үзіліп, сүйектері сынған. Екінші адам да бас миы соғылып, сүйектері сынған. Ауруханада сондай-ақ зардап шеккен тағы бір адам жатыр», - деп хабарлады жедел медициналық көмек ауруханасынан.