21:56, 31 Наурыз 2015 | GMT +5
Шымкентте аялдамаларды қалпына келтіруге 30 млн теңге бөлінді
ШЫМКЕНТ.ҚазАқпарат - Шымкенттегі аялдамаларды қалпына келтіру үшін 30 млн теңге бөлінді.

ТКШ бөлімі бастығының орынбасары Ерлан Есіркеповтің ақпаратынша, 29 аялдама қалпына келтірілетін болады. Олардың 10-ы бұзылды, орнына жаңа аялдамаларды орналастырып жатыр. «Аялдамаларда жарнамаға арналған стенд, бағыттарды көрсететін және аялдама атына арналған орын болады. Қоқыс контейнерлері мен орындықтардың болуы да қарастырылған», - деді Ерлан Есіркепов. Сонымен қатар аялдама өлшемдерін мөлшерлегенде жолаушылардың ағымы ескерілді. Қазір Шымкентте 1129 аялдама бар. Алайда қалаға аумақтардың қосылуына байланысты тағы 240 аялдама қажет.