Шымкентте балаларға арналған «Қалқанқұлақ» телехикаясының тұсауы кесілді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте балаларға арналған жаңа фильмнің тұсауы кесілді. «Қалқанқұлақ» деп аталатын көп сериялы телехикая қиял - ғажайып оқиғаларға негізделген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None



«САҚ» киностудиясында түсірілген «Қалқанқұлақ» телехикаясы алғаш рет Жұмат Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында көрсетілді. Түсірілім актерлары жəне көрермендердің қатысуымен өткен шараны облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды.



Өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеп, өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыратын туынды 12 сериядан тұрады. Қазақстан Ұлттық арнасының қолдауымен түсірілген телехикаяның басты кейіпкерлері қалқанқұлаққа айналған Олжас пен ақылды Бақбергеннің рөлдерін Шымкент қаласының кішкене, дарынды актерлары Ерсұлтан Сіргебай мен Нұриман Əділхан сомдайды. Шытырман оқиғаға толы фильмді көрген жеткіншектер түрлі образдағы кейіпкерлер арқылы жақсы мен жаманды ажырата алатын болады. Түрлі эффектілермен көркемделген телехикаяға 2-D және 3D-форматтары қолданылған. Көркем фильм сценарийінің авторы жəне режиссері - Батырхан Дәуренбеков.



Айта кетейік, Батырхан Дәуренбеков басшылық ететін киностудия қазақ балаларына арналған «Томпақ» сияқты көптеген фильмдер мен «Қошқар мен теке», «Қажымұқан» сынды бірнеше анимациялық туындыларды экранға шығарған. Енді жас көрермендер ұлттық арна мен «Балапан» каналынан «Қалқанқұлақ» фильмін де көретін болады.

Соңғы жаңалықтар