Шымкентте бір тәулік ішінде екі ірі көлік апаты орын алды (ФОТО)

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте бір тәулік ішінде екі ірі көлік апаты орын алды.
None
None

Құтқару жасағының ресми өкілі Павел Вишенин хабарлағандай, алдымен оларды жеңіл көлік пен КамАз соғылған жерге шақыртқан. Оқиға Қайнарбұлақ саяжайлық учаскесінің маңында орын алды. Көлікте үш бала болған. Екеуін «жедел жәрдем» дәрігерлері алып кетті. Ал үшіншісіне алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ол оқиға орнына келген туыстарына тапсырылды.

«ВАЗ-2115 жүргізушісі көлікте қысылып қалған. Құтқарушылар гидравликалық қондырғының көмегімен оны алып шығып, «жедел жәрдем» қызметкерлеріне тапсырды», - деді Павел Вишенин.

Бірнеше сағаттан кейін екінші жол көлік апаты болды. Хундай және ВАЗ-2106 көліктері соқтығысқан. Ресейлік көлік қатты соққы салдарынан іске жарамсыз болып қалды. Жедел жәрдем ауруханасына зардап шеккен 7 адам жеткізілді.

«Жолаушылардың бірі қысылып қалды. Құтқарушылар оны да гидравликалық қондырғының көмегімен алып шықты», - деді Павел Вишенин.

«Үшеуі жолда қаза тапты, төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайлары ауыр», - деді медициналық жәрдем стансасы ауруханасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Сәбит Байбосынов.

Үш жігіт пен бойжеткен қыз ауыр жарақаттанған. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, олардың жағдайлары ауыр.

Еске сала кетейік, 31 мамыр күні де Шымкентте ірі жол апаты орын алды. Ол кезде БМВ көлігі «Мерседеспен» соқтығысқан. БМВ жаяу жүргіншілердің жолына шығып кетіп, бір топ адамды соққан. Олардың біреуі оқиға орнында ажал құшты, 8-і ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар