Шымкентте бір тәулікте 10 өрт тіркелген

Қалалық төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, шақыртулардың бірі Нұрсәт шағын ауданындағы азық-түлік дүкенінен түскен.
Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жеткенде бес қабатты тұрғын үйге жапсарласа соғылған дүкеннің пластикалық терезе жақтаулары және екінші қабатында орналасқан «Донер» орталығының төбесіндегі жаппасы жанып жақанын анықтаған. Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамында 28 адам мен 5 техника жұмылдырылып, жалын түнгі сағат 04.00 - де толығымен сөндірілген.
Тағы бір өрт Еңбекші ауданында «Кортус» дәмханасының ауласында тіркелді. Мұнда көлемі 195 шаршы метр ағаш орындықтары мен тапшандар және ағаш қоршаулары жанып, жалын қасында орналасқан 120 шаршы метрді құрайтын «Инста бар» кафесіне өтіп кеткен.
Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамында 36 адамы мен 7 техникасы және «Апаттар медициналық орталығы» филиалының 1 бригадасы оқиға орнына жетіп, 04:41 минутта өрт толығымен сөндірілген.
Барлық 10 өрт оқиғасы бойынша зардап шеккендер мен қайтыс болғандар тіркелмеген.