Шымкентте бір топ жүргіншілерді қағып кеткен көлік жүргізушісі тұтқындалды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте бір адамның ажалына, тағы бірнеше адамның жарақат алуына себеп болған ірі апатқа айыпты БМВ көлігінің жүргізушісі ұсталды.
None
None

«БМВ жүргізушісі жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, алдыңғы оң бөлігімен Б.Момышұлы көшесімен келе жатқан «Мерседес» көлігіне соқтығысқан, ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот алды тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ОҚО ІІД-інде. Алдын ала деректер бойынша БМВ жүргізушісі бағдаршамның қызыл белгісі жанып тұрғанда өтіп кеткен, қазір көше бақылауындағы бейнежазбалар тексерілуде. Еске салсақ, апат сенбі кешке Момышұлы мен Иляев көшелерінің қиылысында орын алды. Көліктердің соқтығысуы салдарынан БМВ көлігі жүргіншілер жолағына шығып кеткен. 8 адам зардап шегіп, бір адам оқиға орнында қайтыс болды. Екі зардап шегуші жансақтау бөлімінде жатыр.

Соңғы жаңалықтар