Шымкентте бірнеше рет пәтер ұрлығын жасаған екі азамат ұсталды

«Қаладағы Абай ауданының тұрғыны белгісіз біреулердің үй қожайындарының жоқтығын пайдаланып үйге кіріп, одан барлық бағалы заттарды алып шыққанын, сол арқылы шамамен 400 мың теңгеге шығын келтіргенін мәлімдеді», - деді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.
Полиция қызметкерлері бірнеше рет сотталған облыс орталығының 34 жастағы ер азаматын ұстады. «Күдіктінің пәтер ұрлықтарының 30 фактісіне қатыстылығы анықталған. Ұрлықтарын негізінен күндізгі уақытта жүзеге асырған. Пластик терезелері бар тәуір үйлерді таңдап, терезе арқылы үйге кірген ол алтын бұйымдарын, ақша, ұялы телефондарды алып шыққан. Ұрлаған заттарды қаланың базарларында сатып жүрді», - деді С.Қаракөзова.
Жәбірленгендерге келтірілген жалпы шығын 5 млн. теңгеден асты. Айғақты дәлелдер ретінде заңды иелеріне қайтарылған бағалы заттар алынды. Ұсталған азаматтың тағы осындай фактілерге қатыстылығы анықталу үстінде. ҚР Қылмыстық Кодексінің 175 бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Шымкенттегі Әл-Фараби ауданында пәтер ұрлықтарымен айналысқан адам да ұсталды. «Қаланың бірнеше тұрғыны өтінішпен келді. Есіктер немесе терезелерді сындыру жолымен олардың үйлеріне ұрылар кіріп, ыдыс-аяқтар мен азық-түліктерді шығарған. Полицейлер ешқайда жұмыс істемейтін жергілікті 23 жасар күдіктіні ұстады», - деді С.Қаракөзова.
С.Қаракөзованың айтуынша, ұсталған азаматтың пәтер ұрлықтарының 5 фактісіне қатыстылығы дәлелденген. «Барлық оқиғаларда күдікті бірдей әрекет еткен. Иелерінің үйлерінде бар-жоқтығын анықтаған соң, үйлерге арнайы темір сайманы арқылы есікті ашып немесе терезе шынысын сындыру жолдарымен кіріп отырды. Бағалы заттар, ыдыс-аяқтар мен азық-түліктерді шығарған», - деді баспасөз хатшысы. ҚР ҚК-нің 175 бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті азамат ешқайда кетпеу қолхатын толтырды.