Шымкентте бүйректі алмастыру оталары жасала бастады

ШЫМКЕНТ. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанда бүйректі алмастыру бойынша алғашқы ота Шымкент қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасында
None
None

Корея университетінің «Анам» госпиталінің трансплантология мамандарымен бірлесіп жасалды.

Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Жұмағали Ысмайыловтың айтуынша, барлық науқастардың жасалған оталардан кейінгі жағдайы тұрақты, олардың донорлары туыстары болды. Әзірге оңтүстікқазақстандық дәрігерлер кореялық әріптестеріне тек көмектесуде, бірақ отандық медицина қызметкерлері мұндай оталарды ағымдағы жылдың аяғына қарай өздері жасайтын болады.

Атап өтейік, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінде бүйректі трансплантациялау кезегінде 21 оңтүстікқазақстандық азамат тұр. Бүгін ОҚО-да таяу және алыс шетелде донорлық бүйректі алмастырып салу бойынша операция жасатып келген 35 науқас бар.

Соңғы жаңалықтар