Шымкентте дәрігерлер полиция көлігі қаққан азаматтың өмірі үшін күресуде

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 17 наурызға қараған түні полиция көлігінің қатысымен жол апаты болды. Сағат 21:30 шамасында арайы көлік жаяу адамды қағып кеткен.

Куәлердің айтуынша, полицияның арнайы көлігі Лада Приора машинасының соңынан келе жатқан. Қалай болғаны белгісіз, алдарынан жаяу жүргінші шыға келген. Лада көлігі бұрылып кетіп, бағананы соққан. Ал полиция көлігі жаяу жүргіншіні қағады. Ол 1981 жылы туған жергілікті тұрғын екен. Көршілері танып отыр.
Қатты соққыдан жәбірленуші бірнеше метр жерге ұшып кеткен. Ауыр халде жатқан ол жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Қазір дәрігерлер көлік қаққан азаматтың өмірі үшін күресуде, деп хабарлайды otyrar.kz.

Соңғы жаңалықтар
telegram