Шымкентте дендропаркті жаңғырту басталды

КЕНТ. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкентте дендропаркті жаңғырту басталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы мақсат үшін «Жол картасы» бағдарламасы ауқымында 120 млн. теңге бөлінді. Жаңғырту  жобасының авторы - сәулетші Бақыт Әшірбаев. «Келушілерге арнап бөлінген жерге, оның көлемі жалпы аумақтың 20-30 пайызын құрайтын  аллея жасағымыз, отбасылар тынығатын жайлы орын жасап, көлді қайта қалпына келтіргіміз  келеді. Әрине, мұнда шомылуға болмайды.  Саябақтан бұрын бұл жер қоқыс орыны болған. Шағын жүзу қайықтары мен катамарандар пайдалану арқылы суда серуен жасауға әбден болады», - дейді Б.Әшірбаев.

Құрылысшылардың міндеті - Шымкент дендропаркінің атын шығарған ағаштардың сақталуына мейлінше  күш салу. «Біздің бұл саябағымыздың негізі Асқаровтың кезінде, 1980-шы жылдары бұрынғы қалалық қоқыс сақтайтын орында қаланған болатын. Бар болғаны бірнеше жылдың ішінде бұл жер көз сүйсінетін көрікті орынға айналды. 151 гектар жерге 500 мыңнан астам ағаш пен 1 360 түрлі бұта тұқымдас өсімдік тамыр жайды. Олардың көпшілігі сирек кездесетін экзотикалық ағаштар. Соңғы жылдары біз саябақ құрып кете ме деп қауіптеніп едік», - дейді саябақ директоры Әбутәліп Құламетов.

Осы жылғы көктемде кезекті жұмыс сапары барысында облыс әкімі Асқар Мырзахметов саябақта болды. «Саябақтың сұрқай түрін көрген әкім  қатты қынжылды және бұл мәселені өзінің жеке бақылауына алды. Оны тәртіпке келтіруге, қалалықтар үшін жақсы тынығу орынын жасауға уәде берді.  Міне, өздеріңіз куә болып тұрғандай нәтиже бар», - деді А.Құламетов.

Мердігерлік-құрылыс компаниясы қажетті техникамен және мамандармен қамтамасыз етілді, ал құрылыс жұмысын жандандыру үшін қалалық еңбекпен қамту орталығы арқылы 100 жұмыссыз адам еңбекке тартылды.

Соңғы жаңалықтар