Шымкентте Денсаулық фестивалі өтті

ШЫМКЕНТ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Өткен демалыс күні Шымкентте Денсаулық фестивалі өтті. Биылғы фестиваль «Дұрыс тамақтан. Спортпен өмір сүр. Денсаулығыңды сақта» деген ұранмен өтті.
None
None

Ұйымдастырушылар ашық аспан астында емхана ашқан, экологиялық таза азық-түліктердің көрмесі мен стадион ұйымдастырған Әл-Фараби алаңына бұл күні мыңдаған қала тұрғыны жиналды. «Денсаулықтың үш негізгі шарты - қозғалыс, дұрыс тамақтану және дәрігерлерге уақтылы көріну. Бүгін біз халыққа осы үш мүмкіндіктің бәрін ұсынып отырмыз» - деді фестивальге қатысушы Димаш Жүсіпов.

Оңтүстік Қазақстанда денсаулықты сақтауға және адамның өмір жасын ұзартуға жасалып отырған жағдайдың сапасы жыл сайын артып келеді, дейді ұйымдастырушылар. Облыс әкімдігінің ақпары бойынша, бүгінге аймақта 3 мыңнан астам спорт нысаны жұмыс істейді. Медицина соңғы бірнеше жыл бойы қомақты қаржы бөлініп отырған басымдықты саланың бірі болып келеді. Соның нәтижесінде халықты сапалы медициналық қызметпен қамтудың көрсеткіші едәуір артып отыр.

Соңғы жаңалықтар