Шымкентте екі адам газбен уланып, қайтыс болды

ШЫМКЕНТ. 6 қараша. ҚазАқпарат - Шымкентте газбен уланып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысының ТЖ департаментінен.
None
None

Тұрлан елді мекенінен жедел жәрдем дәрігерлері ерлі-зайыптылардың өлі денесін тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, үй иелері пеш жағып, ұйқыға кеткен. Көршілері жедел жәрдем шақырады, алайда адамдарды құтқаруға өте кеш еді.

Соңғы жаңалықтар