Шымкентте екі жасөспірімнің өмірін 60 мың теңгеге бағалады

ШЫМКЕНТ. 9 қазан. ҚазАқпарат - Екі жасөспірімді ұрлаушылар олардың ата-аналарынан 60 мың теңгені талап етті. ОҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өтініш жәбірленушілердің бірінің анасынан келіп түсті.
None
None

Әйел белгісіз жас адамдардың оның баласы мен досын ұрлап әкеткенін, оларды ұрып-соққанын және бостандықтары үшін 60 мың теңгені талап еткенін хабарлады. Балалардың бірі 15-те, екіншісі 16 жаста. Полицейлер оқиға орнына шұғыл аттанды. Олар Шымкенттегі білім мекемелерінің бірінде оқыған екі жасөспірімді жалдамалы пәтерде ұстап отырғандығын анықтады. Мұнда оларды ұрып-соғып, өлтіреміз деп қорқытқан. Алайда балалар тұтқыннан қаша алды.

Жедел іздеу шараларының барысында ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының жедел тобы  Абай АІІБ-нің қызметкерлерімен бірігіп Ордабасы және Қазғұрт аудандарының тұрғындары болып табылатын 1994 жылғы екі азаматты ұстады. Ұсталғандардың жәбірленушілермен бір білім мекемесінде оқығаны анықталды.

Тексеру кезінде полицейлер күдіктілерден бірауызды шолақ мылтықты, «Стражник» травматикалық қаруын және оқтардың бірнеше гильзасын тапты. ҚР ҚК-нің 126 бабы («Бостандығынан заңсыз айыру»), ҚР ҚК-нің 181 бабымен («Қорқытып ақша алушылық») және ҚР ҚК-нің 251 бабымен («Оқ-қаруды, жарылғыш құралдарды және жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, тапсыру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар уақытша ұстау абақтысына қамалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар