20:21, 18 Сәуір 2011 | GMT +5
Шымкентте еліміздегі алғашқы жастар денсаулығының орталығы ашылды
ШЫМКЕНТ. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкентте еліміздегі алғашқы жастар денсаулығының орталығы ашылды. Осындай орталықтарды ашу «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы көздеген бағыттардың бірі болып табылады.
Бұл орталық Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясынан ашылып отыр.
«Орталықтың негізгі мақсаты - студенттерді салауатты өмір салтына дағдылап, өздерінің денсаулықтарын жақсарту аясында жастардың барлық мәселелерін шешу», - деді орталықтың таныстырылымында Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтикалық академиясының ректоры Бақытжан Сексенбаев.