Шымкентте газ жарылып, 2 адамды күйік шалды

ШЫМКЕНТ. 6 қараша. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында бір қабатты 13 пәтерлі үйдің жылыту қазандығын жөндеу кезінде ішіндегі газ жарылып, арты өртке ұласты.
None
None

Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облысы өрт сөндіру қызметінің 1 техникасы мен жеке құрамының 7 адамы жұмылдырылды.

Жарылыс салдарынан түрлі дәрежедегі жарақат алған 45 және 36 жастағы ер адамдар ауруханаға жатқызылды.

Соңғы жаңалықтар