Шымкентте грек-рим, еркін және әйелдер күресінен өткен ел чемпионаты аяқталды

Жеңіл атлетика спорт кешенінде өткен біріншілікте еліміздің ең мықты балуандары бақ сынады. Оңтүстік Қазақстан облысынан қатысқан спортшылар 3 алтын, 2 күміс және 4 қола медальмен жарысты нәтижелі аяқтады.
Тартысы бәсеке қорытындысы бойынша рек-рим күресінен 59 келі салмақта Ақтөбелік Мейірбек Айнағұлов, 66 келіде Астаналық Алмат Кебісбаев, 70 келіде Жамбылдық Әбунасыр Өмірзақ, 75 келіде Атыраулық Мақсат Ережепов, 80 келіде Даниял Гаджиев, 85 келіде Астаналық Азамат Қыстаубайлар жеңіске жетті.
Өз кезегінде алаң иелері сапынан грек-рим күресінде 98 келіде Әлімхан Сыздықов, 130 келіде Дамир Күзенбаевтар мықтылық танытса, қыздар арасында 58 келі бойынша Гүлшахарат Таласоваға тең келер қарсылас болмады.
Әйелдер күресінен 48 келіде Астаналық Жұлдыз Эшимова, 53 келіде Алматылық Зульфия Яхьярова, 55 келіде Алматы облысының спортшысы Марина Седиева, 60 келіде Алматы облысынан келген Аяулым Қасымова, 63 келіде Маңғыстаулық Ольга Клинина, 69 және 75 келіде Алматы облысының қос балуаны Жамила Бақбергенова мен Гулмарал Еркебаевалар басымдылық танытты.
Ата кетейік, әлемдік деңгейдегі төрешілер ел чемпионатының әлемдік деңгейдегі жарыстардан еш кем болмағандығын атап өтті.