Шымкентте Халық банкі филиалындағы ірі ұрлық фактісі бойынша үкім шықты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте «Халық банкінің» шардаралық филиалындағы ұрлыққа қатысты сот үкімі шықты.
None
None

«Ержігіт Қасымов, Мұрат Дауланов, Ержан Мыңайдаров, Мұстафа Әлімжанов ҚР ҚК 175 бабы 4 бөлімі «б» тармағына сәйкес айыпты деп танылып 5 жыл 6 ай жалпы тәртіптегі түзету мекемесінде жазасын өтейтін болды», - деп хабарлады әл-Фараби аудандық сотының баспасөз қызметінен.

Судьяның шешімі бойынша банктің шардаралық филиалының бұрынғы басшысы Мұхтар Ахметов және бұрынғы күзетші Асан Жарбаев 6 жылын темір тордың ар жағында өткізеді.

Сот шешімімен барлық сотталғандардың мүлкі тәркіленеді.

Еске сала кетейік, банктегі ұрлық 2013 жылдың желтоқсан айында болған. Таңертең банкте дабылқаққыш іске қосылған. Оқиға орнына жеткен полицейлер терезедегі торлар сынып, бейнебақылау камералары өшіріліп, қойма есігі ашық жатқанының үстінен шыққан. Олар 63 млн теңгенің ұрланғанын анықтаған.

Полицейлер бірден күзетшіні ұстады. 3 айдан кейін ол әріптестерімен бірге ұрлыққа барғанын айтқан. Ұсталғандар күзетші ашық қалдырған терезе арқылы кіріп, бейнебақылау камералары мен дабылқаққышты өшіргенін айтқан. Ал 63 млн теңгені сөмкемен алып шыққан. Тергеу кезінде Халық банкінің ОҚО филиалының директоры да қамауға алынған. Алайда кейін ол босатылды.

Қорғаушылар соттың бұл үкіміне байланысты апелляциялық шағым жасамақ.

Соңғы жаңалықтар