Шымкентте халықаралық конференция қатысушылары баламалы энергетика саласындағы Қазақстанның болашағын талқылады

ШЫМКЕНТ. Мамырдың 27-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкентте М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті базасында «Баламалы энергетика мен қуат үнемдейтін технологиялардың перспективалық бағыттары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде.
None
None

Оның жұмысына Германия, Жапония, Ресей Федерациясы, Украина, Беларус, Өзбекстан, Қырғызстаннан келген ғалымдар қатысып жатыр. Екі күн ішінде олар баламалы энергетиканы дамыту бағдарламасын жүзеге асырудағы Қазақстанның болашақ мүмкіндіктерін қарастырады. Бағдарлама 2024 жылға дейін есептеліп жасалған, оның жоспарымен ресейлік ғалымдар таныс.

«Біз бағдарламаны үлкен мүдделілікпен бақылап отырмыз. Бағдарлама бойынша 5 мегаваттық жел стансысы Жоңғар қақпасында салынады. 2015 жылға дейін тағы да бірқатар ірі 300 мегеваттық жел-энергия стансылары салынады, 2024 жылға дейін жел энергетикалық құрылғылар шамамен 1,7 гигаваттық электр қуатын беретін болады. Бұл - көңіл қуантарлық болашақ. Бағдарлама Қазақстан Үкіметі тарапынан үлкен қолдауға ие болып отырғандықтан біз оның жүзеге асатындығына үміттенеміз», - дейді Мәскеу қаласы «ВИНДЭК» ғылыми-инженерлік орталығының бас директоры Сергей Грибков.

Соңғы жаңалықтар