Шымкентте иіс тиген екі әйел көз жұмды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Кеше Шымкенттің екі тұрғынына иіс тиіп, олар қаза тапты.

Бұл туралы облыстық гипербариялық оксигенация орталығынан хабарлады. Екі азаматша да «Жайлау» шағынауданында тұрған, олар жедел жәрдем жеткенге дейін көз жұмған. Сонымен қатар бес адамнан тұратын жанұя ауруханаға жеткізілді. Түнде үй иесі өзі жасаған пешті жақпақ болған. «Таңертең барлығымыз оянған соң басымыз ауырып, жүрегіміз айныды. Күйеуім жедел жәрдем шақырды», - деді жапа шеккен Гүлмира Өтегенова. Жедел жәрдем дәрігерлері бұл отбасының барлық мүшелерін облыстық гипербариялық оксигенация орталығына жеткізді. Оларды тексерген соң дәрігерлер ұлдарын үйге жіберіп, анасы мен қызын ауруханаға жатқызды.

Соңғы жаңалықтар
telegram