Шымкентте индустриалды аймақта ғимарат опырыла құлап, үш адам қаза болды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте «Ордабасы» индустриалды аймағындағы бес қабатты зауытта темір-бетон плиталарының жабындысы құлап, ішінде жүрген үш адамды басып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте индустриалды аймақта ғимарат опырыла құлап, үш адам қаза болды

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, «112» басқару пультіне күндізгі сағат 14:43-те шұғыл хабарлама түскен. Қапал батыр тас жолында орналасқан «Ордабасы» индустриалды аймағынан хабарлама келіп түскен. Жалпы ауданы 2000 шаршы метрді құрайтын ғимараттың қараусыз қалғаны анықталған.




Оқиға орнында авариялық-құтқару жұмыстарына жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, 1 кинологиялық топ жұмылдырылған. ТЖ департаментінің 18 қызметкері мен 1 кинологиялық есебі, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды. Осы қызметкерлер мен қызметтік иттердің көмегімен үйінділердің астынан 1967 ж.т., 1992 ж. т. және 1999 ж. т. 3 ер адамның денесі табылған. Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың себеп-салдары тексеріліп, анықталуда. Құзырлы органдар тарапынан тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.