Шымкентте із-түзсіз жоғалып кеткен 19 жастағы бойжеткен табылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте із-түзсіз жоғалып кеткен 19 жастағы бойжеткен табылды. Дана Мырзабек бір айдан астам уақыт бойы осы қалада жүріп, туыстарына хабарласпаған болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Шымкентте із-түзсіз жоғалып кеткен 19 жастағы бойжеткен табылды

Полицейлерге берген жауабында ол отбасылық жағдайларға байланысты хабарласпағанын айтқан. Себебін ашып түсіндіргісі келмепті.

Еске салайық, осы жылдың 26 мамырында бойжеткеннің туыстары оның із-түзсіз жоғалып кеткенін айтып, Әл-Фараби аудандық  полиция бөліміне арызданған болатын. Содан кейін ОҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасы мен аталған полиция бөлімінің қызметкерлері бір айдан аса уақыт бойы іздеу шараларын жүргізді. Ақыры Дана Мырзабекті Шымкент қаласынан тауып отыр.