14:40, 22 Ақпан 2012 | GMT +5
Шымкентте кадеттер арасында еркін күрес, әйелдер күресі және грек-рим күресінен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр
АЛМАТЫ. 22 ақпан. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында 21-26 ақпан күндері кадеттер арасында еркін күрес, әйелдер күресі және грек-рим күресінен Қазақстан чемпионаты өтеді.

Кеше командалардың қатысуымен қазылар алқасының мәжілісі болды. Сондай-ақ еркін күрестен 42, 50, 58, 69 және 85 келідегі балуандардың салмағын өлшеу рәсімі өтті.
Бүгін аталмыш салмақтағы балуандардың арасынан жеңімпаздар мен жүлдегер анықталады.
Ертең - 46, 54, 63, 76, 100 келідегі балуандар белдеседі.
24 ақпанда әйелдер күресінен 38, 40, 43, 46, 49, 52, 56, 60, 65 және 70 келідегі спортшылар күш сынасады.
Ал 25-26 күндері грек-рим күресінен 42, 50, 58, 69, 85 және 46, 54, 63, 76, 100 келідегі ел чемпиондары мен жүлдегерлері анықталады.