Шымкентте қала көшелеріне газбен жүретін автобустар шығарылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте алғашқы газ құю стансасы пайдалануға беріліп, қала көшелеріне газбен жүретін 200 автобус шығарылмақ.
None
None

Станса құрылысы үшін 5 млн. АҚШ доллары жұмсалды. Жобаны қала әкімдігі мен инвесторлар бірлесіп қолға алып отыр, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен.

- Экологиялық тұрғыдан таза қала атану үшін біз алдағы уақытта жолаушылар тасымалда йтын жаңа қоғамдық көліктер алуды жоспарлап отырмыз. Яғни, газбен жүретін 200 автобус бағытқа қойылатын болады, - дейді қала әкімі Дархан Сатыбалды.

Автобустарға қазіргі заман талабына сай GPS-навигаторлар орнатылады. Және онда мәдениетті қызмет көрсетіліп, барлық санитарлық талаптар орындалатын болады.

Қала әкімдігінің алдағы уақыттың еншісіндегі межесі бойынша, муниципальді автобус паркінің құрылысы қолға алынбақ. Яғни, автопарк жартылай мемлекеттік, жартылай жеке меншік иелігінде болмақ.

- Қазіргі таңда, муниципальді автобус паркінің орналасатын орны белгіленген, - дейді қала басшысы. - Ендігі жерде мемлекет меншігінде 100, жеке меншік иелігінде тағы бір 100 жаңа автобус алынуы тиіс.

Қазіргі таңда қала көшелерінде 1625 автобус 86 бағыт бойынша қоғамдық қызмет көрсетуде. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш анағұрлым өсе түспек. Себебі, қала аумағына қосылған 40 елді мекенге тұрақты түрде жаңа бағытта автобустар жүретін болады.

Соңғы жаңалықтар