12:10, 16 Наурыз 2017 | GMT +5
Шымкентте қала тұрғынын үйінің алдында тонап кеткен күдіктілер ұсталды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Шымкентте қала тұрғынын үйінің алдында тонап кеткен күдіктілер ұсталды. Қылмыс жасаған сезіктілерді тәртіп сақшылары тәулік ішінде қолға түсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Келеңсіз оқиға қаладағы Республика даңғылындағы аулалардың бірінде болған. Сол жердің 20 жастағы тұрғынына белгісіз үшеу тап беріп, 50 мың теңгелік ұялы телефонын тартып алған.
Абай полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, сол күні-ақ 1997 және 1999 жж.туған қаланың үш тұрғынын ұстады. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің «Тонау» бабымен іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ сезіктілердің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталуда.