Шымкентте қалдықтарды бөлек жинау жобасы енгізілмек

Бұл ілкі жоба, дейді облыстық облыстық әкімдік жанындағы «Шымкент-инновация» компаниясында. Әуелі шымкенттік микроаудандардың бірінен 20 үйді қамту көзделіп отыр. «Жоба қоқыстарды сұрыптауды және одан әрі қайта өндіруді көздейді. Ол экологиялық бағытта қолға алынып отыр, сонымен қатар қоқыс қалдықтарын сұрыптап жинау жөніндегі қала мәдениетін орнықтыру үшін пайдаланылады», - дейді мамандар. Жоба бастамашылары шымкенттіктерге қоқысты да орнымен тастауды ұсынады. Жаңа контейнерлер екі түсті. Көк контейнерге қаттты тұрмыстық қалдықтарды салу қажет, одан кейін оны қалалық қоқыс жинайтын жерге алып кетеді. Ал жасыл контейнерлерге қағаз, полиэлитен, әйнек, ағаш сияқты қоқыстар тасталады. Бұлардың барлығы қайта өңделмек.
Қоқыстарды өңдеу қымбат жұмыс деп санайды «Шымкент-инновацияда», бірақ та қайталама шикізатты өңдегеннен кейін өзін ақтайтын болады.