Шымкентте «Қазақ романсиадасы» музыкалық байқауы басталды

Әлемнің түрлі елдерінен келген 50-ден астам вокалшы байқауға қатысып жатыр. Сахнаға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның өнер майталмандары шығады.
Романсиада 18-ші рет ұйымдастырылып жатқаны және жыл сайын ОҚО-да өтетіні аталып өтілді. Бұл Орта Азия елдеріндегі орыс және қазақ романдары шырқалатын жалғыз байқау.
Атап өту керек, «Қазақ романсиадасы» бүкіл ресейлік романсиада бағдарламасына енгізілді. Осыған байланысты байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері Мәскеуде өнер көрсетеді.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр қазақ романсы орындаушылары арасындағы бірінші орын - Оңтүстіктің қанжығасында қалған. Жеңіске облыстық опера және балет театрының әншісі Мәдіхан Дүйсеева жеткен еді.
Ал орыс романсы бойынша бірінші орынды астаналық талант Расұл Жармағанбетов пен Алматының өнерпазы Салтанат Баймұржанова өзара бөліскен-ді. Әртістік қабілет пен сахнада сүйкімділігімен көпті баурағандар да құр қалмаған. Аталған номинацияларды Өзбекстанның өнерпаздары еншілеген болатын. Ташкенттің 23 жасар әншісі Дәлдар Мірсадықова «Романисада аруы - 2014» атағын алған еді.