Шымкентте Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде аталып өтті

ШЫМКЕНТ. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкентте Қазақстан халқының бірлігі күні кең ауқымда аталып өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Оңтүстік Қазақстан облысында 108 ұлттың өкілдері тұрады, 20 ұлттық орталық белсенді жұмыс жасауда. Солардың бірі - ұлтаралық «Ынтымақ» орталығы шағын ұлыстарды қанатының астына алып отыр. «Бүгін ? тамша күн. Облысымыздың барлық тұрғындары мерекені қуанышпен қарсы алып отыр. Бұл ? бірлік пен ынтымақ күні. Осы екеуі бар жерде, береке-бірлік, мәңгі достық орын тебеді», - дейді «Ынтымақ» орталығының жетекшісі Лиза Баянқұлова. Бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша бұл күні ұлттық-мәдени орталықтар облыс басшылығынан өздерінің қызметін қолдау үшн ақшалай гранттар алады. «Әрина аса көп те емес. Бірақ бүгінгі дағдарыс жағдайында біз әлеуметтік мәселелерге күш салып жатқанымызды олар да түсінеді. Дегенмен, біз әрбір мәдени орталыққа 100 мың теңгеден бөлдік», - дейді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов.
Соңғы жаңалықтар