Шымкентте Қазақстан театрларының ІІІ республикалық фестивалі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте 2015 жылдың 5-11 сәуір аралығында Қазақстанның ұлттық театрларының ІІІ республикалық фестивалі өтеді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Фестиваль аясында Шымкент тұрғындары мен қонақтары ОҚО орыс драма театры, Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театры, Қ.Қожамияров атындағы мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры, республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры, республикалық неміс драма театры мен ОҚО өзбек драма театры ұжымдарының Т.Ахтанов, М.Байғұт, Ш.Орынбай, А.Ашири, Ж.Солтиева, Б.Брехт және Б.Есенәлиев сынды отандық және қазіргі заман авторларының қойылымдарын тамашалай алады. Іс-шараның ашылу салтанаты 6 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театрының ғимаратында өтпек. Қойылымдар көрермен назарына 2015 жылдың 6-9 сәуірі аралығында сағат 11.00 және 19.00-де ұсынылатын болады. Ал 10 сәуір күні сағат 11.00-де Ж.Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театрының сахнасында лауреаттарды марапаттау рәсімі мен фестивальдің жабылу салтанаты өтеді. Спектакльдерге кіру - тегін.

Соңғы жаңалықтар