Шымкентте кешенді тестілеу басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкентте кешенді тестілеу басталды. Колледж түлектері мен мемлекеттік емтиханды тапсыра алмаған азаматтар мен ұлттық бірыңғай тестілеуден шекті балды жинай алмаған оқушылар қайта сынақ тапсыруда, деп жазады Отырар.кз.
None
None

Бұл тестілеу жоғарғы оқу орнында ақылы негізде білім алуға мүмкіндік береді. Талапкерлер негізгі 4 пән бойынша, әдеттегідей, ұлттық тестілеу орталығының қадағалауымен сынақтан өтеді.

Бір ғана М.Әуезов атындағы мемелекеттік университетіне 3670 азамат мемлекеттік сынақты қайта тапсыруға өтініш берген. Ал биыл өңірімізде ҰБТ-ге 19 691 түлек қатысып, оның 1881-і мемлекеттік сынақтан сүрінген еді.

Айта кетейік, Талапкерлерді кешенді тестілеу (ТКТ) - ақпараттық технологияларды қолдана отырып, бір уақытта бірнеше оқу пәндері бойынша өткізілетін емтихан нысаны. ТКТ-ға келесі талапкерлер қатыса алады: 
- өткен жылдардың бітірушілері; 
- жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы халықаралық олимпиадалардың қатысушылары; 
- шетелде оқушылардың халықаралық алмасу желісі бойынша білім алушылар мен ҰБТ-ға қатыспағандар; 
- республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері; 
- бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының бітірушілері; 
- шетелде білім беру ұйымдарын бітірушілер.

Соңғы жаңалықтар