Шымкентте көлігінің алдыңғы әйнегін қараңғылаған жүргізуші жазаланды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдын алу шараларында патрульдік полиция алдыңғы әйнегі қараңғыланған Toyota Camry автокөлігін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шымкенттің полиция департаментіне сілтеме жасап.
None
None

Автокөлік иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабының 5-бөлігі (техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлар бар көлiк құралдарын басқару) бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғаларының көпшілігі көрінудің нашарлығынан болатынын еске салады және жүргізушілерді көлік әйнектерінің жарық өткізу нормаларын бұзбауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар