Шымкентте көркем гимнастикадан халықаралық турнир басталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында көркем гимнастикадан ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Әлия Юсупованың жүлдесіне арналған VII халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

null
Бүгінгі жарысқа Израиль, Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Жапония, Вьетнам және Қазақстан құрамасының 100-ге жуық спортшылары екі жас ерекшелігі бойынша көпсайыс түрінен сайысқа түседі.

Спорттық шараның ашылу салтанатына қатысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев барша турнирге қатысушы спортшыларға қош келдіңіздер дей отырып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
null

«Еліміздің мақтанышы Әлия Юсупова көркем гимнастикадан Азия ойындарының екі дүркін абсолютті жеңімпазы. Афины және Бейжің қалаларында өткен жазғы Олимпиада ойындарында ел намысын абыроймен қорғаған. Бүгінде көркем гимнастикадан ҚР бас жаттықтырушысы қызметін абыроймен атқарып келе жатқан спорт саласының бірегей білікті маманы»,-деді әкім.
null

Әлия Мақсұтқызы басқаратын көркем гимнастика мектебінің ашылғанына небәрі 7 жыл ғана болғанына қарамастан спортшылары бірнеше биіктіктерді бағындырып үлгерді. Былтырғы жылы Бразилияда өткен 31-ші жазғы Олимпиада ойындарында Әлияның төл шәкірті Сәбина Әшірбаева небәрі 16 жасында өнер көрсетіп, жоғары көрсеткіштерге ие болды.
null

Айта кетейік, бүгінгі таңда, облыстық көркем гимнастика спорт мектебінде 39 жаттықтырушы 289 балаға оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде.
nullnullnull

Соңғы жаңалықтар