Шымкентте көше бойында жарапазан айтатын балалар көлік қозғалысына кедергі жасап жүр

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте түнгі уақытта көше кезіп, жарапазан айтатын балалардың саны азаймай отыр. Әл-Фараби ауданында кешкі уақытта жарамазан айтып жүрген тағы 12 жасөспірім анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Шымкент қаласы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция инспекторлары кәмелет жасқа толмаған балалардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу үшін рейд жүргізіп жатыр.

Оның барысында жолдар мен көше қиылыстарында кәмелет жасына толмағандар адамдарға тиісу жайттары анықталуда.

Осы ретте түнгі уақытта жарамазан айтып көшеде жүрген жасөспірімдерді анықтау мақсатында рейд жүрді.

Нәтижесінде 14 сәуірде әл-Фараби ауданы бойынша қоғамдық орында жарапазан айтып жүрген 12 жасөспірім анықталды.

Тәртіп сақшылары балаларға ескерту жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Жарапазан айтамын деп жасөспірімдер көше бойында жол жүру ережелерін өрескел бұзып, автокөліктердің жүруіне кедергі жасап, өзінің және басқа жол қозғалысына қатысушылардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруде. Қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етіп, қылмыстық жайттарды болдырмау және оның алдын алу мақсатында күнделікті рейд жүргізіп отырамыз. Ұл-қыз тәрбиелеп отырған ата-ана ретінде бәріміз баламыздың қауіпсіздігіне алаңдаймыз. Сондықтан әр ата-анадан балалардың іс-әрекеті мен қозғалысын бақылауда ұстауды сұраймыз», - дейді ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы полиция майоры Рахымжан Ирисбеков.

Бұған дейін Шымкентте қоғамдық орында жарапазан айтып жүрген 14 бала табылғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар