Шымкентте көшедегі көгал суғаратын суға шомылған адам жауапқа тартылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте көшедегі көгал суына шомылған ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте көшедегі көгал суғаратын суға шомылған адам жауапқа тартылды

Әлеуметтік желіде Шымкент көшелерінде жалаңаш отырып, суға түскен ер адам жайында видео тарады.

Онда егде жастағы азаматтың шешініп алып, жол бойындағы шөп суғаруға арналған құрылғыдан аққан суға шомылып жатқанын көруге болады.

Оқиға қала орталығындағы Төле би көшесінің бойында болған. Тәртіп сақшылары құқық бұзушының жеке басын анықтады.

Ол тұрақты баспанасы жоқ 50 жастағы азамат болып шықты.

«Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша хаттама толтырылды. Полиция қызметкерлері жинақталған іс құжаттарын әкімшілік ісстер жөніндегі ауданаралық сотқа жібереді» - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.