Шымкентте құрылысы бітпеген нысандардың бірінде 6 жасар баланы зорлап кетті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте құрылысы бітпеген нысандардың бірінде 6 жасар ұл баланы зорлап кетті. Қазір жеткіншекті зорлады деген 13 жастағы жасөспірімге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған қылмыс кеше, 4 маусым күні Қаратау ауданының аумағында орын алған.

«Қазір Қаратау аудандық полиция бөлімі қызметкерлері зорлық қылмысын жасады деген жасөпірімді ішкі істер органдарына жеткізіп, жауап алды. Осы оқиға бойынша бірнеше сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Жасөспірім 14 жасқа толмауына байланысты ата-аналарының жанына қалдырылды» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Соңғы жаңалықтар