08:01, 15 Қараша 2011 | GMT +5
Шымкентте құтыру індетінен 2 жастағы бала көз жұмды
ТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Шымкентте құтыру індетінен 2 жасар бала көз жұмды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Құтқарушылардың ақпаратына қарағанда, 10 қарашада Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасында 2 жасар бала қайтыс болған. Ол 9 қарашада Қарабастау ауылынан «Құтыру. Іріңді менингит. Мидың қабынуы» диагнозымен жеткізілген болатын.