Шымкентте «Мектепке жол» акциясы бойынша 7 мыңға жуық балаға жәрдем көрсетілді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында «Мектепке жол» акциясы аясында 6 950 балаға көмек көрсетілді.
None
None

Акцияға қатысушылардың арасында 665 жетім бала бар. «Қор қаржысы есебінен 4 170 оқушыға 41 млн. 700 мың теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Демеушілердің қаржылай қолдауының арқасында 27 млн 800 мың теңгеге 2 780 бала мектепке дайын болды», - деді қалалық білім бөлімінің бастығы Ынтымақ Мәдиев.

Оқушыларға мектеп және дене шынықтыру сабағына арналған форма, портфель, оқу құралдары сыйға тартылды. Оннан астам демеуші аталған шараға қатысты. Олардың арасында бизнесмендер, депутаттар, мемлекеттік қызметшілер бар.

Қалалық білім бөлімінде атап өткендей, олардың қызметкерлері мектепке бармайтын балаларды анықтау мақсатында аулалар мен пәтерлерді аралау бойынша жұмыстарды жалғастыратынын айтты.

Білім беру саласында қызмет ететін шенеуніктер өмірдің қиын кезеңіне тап болған балаларға мектепке дайындық бойынша көмектесуге қаржы табатынына сөз берді. Осылайша, №12 орта мектебінің 200 оқушысына 20 мың теңгеден берілді. Олардың ішінде жетім балалар, ата-анасының бірінен айырылған, аз қамтылған жанұялардан шыққан балалар бар.

Шара 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар