Шымкентте «Мектепке жол» шарасы аясында бүлдіршіндер 57 млн. теңгеге оқу құралдарымен қамтылды

Ол үшін жалпы білім қорынан 6250 балаға материалдық көмек көрсетілді.Сондай-ақ осы шараға қатысқан демеушілердің көмегімен 57 миллион теңгеге 5700 балаға қажетті оқу құралдары сатып алынды. Бұл шара әлі де жалғасын табатын болады. Бұл жолы 270 бала қажетті құрал-жабдықтар мен киім-кешектерге қол жеткізді. Қайырымды мекемелердің арасында облыстық төтенше жағдай департаментінің мамандары да бар. Әр кез қауіп-қатердің алдын алып жүретін ағалары ел ертеңі саналатын балалардың болашағына немқұрайлы қарамайтындарын айтады. Демеушілерден бөлек, жыл сайын өтетін бұл шарада бюджет есебінен 6250 балаға материалдық көмек көрсетілді. Қала аумағы кеңейген сайын мектептегі оқушылар саны да артып отыр. Биылғы жаңа оқу жылында 19 мың бала мектеп партасына отырмақ, 40 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, жаңа екі білім ошағы пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің ресми сайтында.