18:25, 05 Қаңтар 2015 | GMT +5
Шымкентте мереке күндері пиротехниканың атылуынан 8 баланың көзін күйік шалды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жаңажылдық мереке күндері пиротехниканың атылуынан 35 бала зардап шеккен.
«8 бала күрделі жарақаттар алды. Көздерін күйік шалып, көз зақымын алған олар балалар офтальмологиясы бөлімінде ем алып жатыр. Екеуі ауруханаға қолдарын күйік шалумен түсті», - дейді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Болат Нұсқабаев.
Дәрігерлердің айтуынша, балалар негізінен отшашуларды дұрыс ұстамағандықтан немесе оларды бет-жүздеріне қарата ұстағандықтан осылай зардап шеккен.