Шымкентте мұғалімдер терезеден секірген оқушыны құтқарып қалды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентегі №18 мектепте мектеп оқушысы екінші қабаттағы терезеден секіріп кеткен. 9 сыныпта оқитын қыз осылайша өмірімен қоштаспақ болған, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Келеңсіз жағдай 20 ақпан күні қаладағы №18 мектепте болған. Ақшасын жоғалтып алған қыз қорыққаннан терезенің алдына шығып, өзін өзі тастамақ болады. Алайда мұғалімдер оны секірмеуге көндірген. Алайда жасөспірім олардың айтқандарына көнбепті. Болмаған соң мектепке жедел жәрдем қызметі мен полицейлер шақыртылған. Психологтар сөйлесуге тырысқан. Бірақ ол әрекеттердің бәрі нәтижесіз болып, қыз терезеден секіріп кеткен. Оны төменде тұрған ұстаздар құтқарып қалды.

«Оқушымыз екінші қабаттан секіргенде оны біздің қызметкеріміз Асқар Үсенов ұстап қалды. Біз оған алғыс білдірдік. Ол дереу ауруханаға жеткізілді. Себебі аздаған жарақат алған болатын. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, үйіне қайтарылды. Қазір ол оқушымен психологтар және дәрігерлер жұмыс істеуде. Мектепте осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар жүргізілуде», - дейді мектеп директоры Гүлнәр Омарова.

Қазір сондай-ақ жергілікті полицейлер де оқиғаның анық-қанығын тексеріп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар