Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған форум өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған форум болып өтті.

Үздіктерді 50 қатысушының арасында таңдады. Талантты жас азаматтар билеу, ән айту және қолдарына түскен кез келген материалдан керемет заттар жасап шығарудан ептілігін танытты. Сахнада танымал композициялар шырқалды.

Осылайша, вокалдық шеберлікте күшін сынамақ болған Айсұлтан Құлқаев «Менің елім» әнін орындады. Өткен жылы көрермендер көзайымы болған ол биыл жеңіске үміттеніп отыр. «Институтта қаржыгер мамандығын игеріп жүрмін, бірақ шығармашылық мен үшін өте маңызды, сондықтан бұл фестивальға екінші жыл қатысып отырмын», - деп бөлісті А.Құлқаев.

Ермек Қалымбетов пен Сандуғаш Аралбекованың орындауындағы би ерекше қошеметке ие болды. Олар мүгедек арбаларында отырып биледі. Бұл таталымда күш сынағысы келгендер аз болмады. Біреуі шығыс биін, басқасы - эстрадалық немесе қазіргі заманғы биді орындады.

«Үздік шығармашылық жұмыс» аталымында да шеберлер аз болмады. Мақсат Сәрсембаев ағашқа көркем оюлар сала біледі. Таяуда жиһаз шығару бойынша жеке цехын ашқанын айтады. «Мемлекеттік бағдарлама бойынша жеңілдік несие алдым, бірінші тапсырыстарымды орындап жатырмын. Ал ағашқа ою салу - бала кезімнен келе жатқан ермегім», - деп бөлісті Мақсат.

Төрешілер сотына тамаша жұмыстарын Салтанат Есбосынова да ұсынды. Бірнеше жыл бұрын оңалту орталығында болған бойжеткен бисермен жұмыс істеуді үйренген. Енді оның қолынан шыққан кәдесыйларды Шымкенттің тұрғындары мен қонақтары сатып алуда.

Жеңімпаздарды әрбір аталымда анықтаған. Әндердің үздік орындаушысы болып Ұлық Ерсұлтан танылды. Ол Шымкенттегі құлағы естімейтін балаларға арналған № 1 мектеп-интернатында білім алуда. Бозбалаға ноутбук сыйға тартылды. «Үздік шығармашылық жұмыс» аталымында «Үміт» атты көзі нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушілері алды. Би аталымында қалалық мүгедектер қоғамының өкілі Оксана Фокинаның орындауы үздік танылған. Ол жүлдеге тоңазытқыш алды. Жеңімпаздарға сыйлықтарды сатып алуға салалық департамент көмектесті, деп баяндайды ұйымдастырушылар. Мүгедектер қоғамы кәсіпкерлерге фестивальға қолдау білдіру өтінішімен жыл сайын барып тұрады, алайда ол әзірге мүмкіндігі шектеулі азаматтардың шығармашылығына ықылас білдірмеуде.

Соңғы жаңалықтар