Шымкентте нан қымбаттамайды
«Нан бағасы бойынша дүрлігу қалаға ұн әкелетін операторлардың бірінің әңгімесінен кейін басталған. Компания Шымкент наубайханасына жеңілдік бағамен ұн жеткізуді тоқтата тұратынын мәлімдеген. Наубайхана алаңдаушылық білдіріп, іске облыстық әкімшілік араласқан», - деді ОҚО әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.
Әкімдікпен шарт бойынша компания ұн тасымалдауға субсидия алуы тиіс. Бірақ үкімет субсидиялау туралы қаулыны әлі қабылдаған жоқ. «Таяу екі аптада қаулыны қабылдау жоспарлануда. Біз оператормен уағдаластық. Олар ұнды жеткізетін болады. Наубайханамен де келістік, олар бағаны көтермейді», - деді Сапарбек Тұяқбаев.
Егер үкіметтен ақша дер кезінде түспесе, онда облыстық әкімдік ұн жеткізушіге қажетті соманы төлеу тәсілдерін табады. Шенеуніктер дүкендерге де ықпал етудің тәсілдерін тапты. Сауда орындарымен төмендетілген бағамен нан жеткізу шарты жасалды, егер дүкендер бөлке бағасын қымбаттатса, оларға жеңілдікпен жеткізу тоқтатылатын болады.