Шымкентте Наурыз мейрамы қарсаңында халыққа тегін нан таратылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Шымкенттегі Құрсай мөлтекауданының тұрғындарына бір күн бойы тегін нан таратылды. Мұндай қайырымдылықты азаматтарға Абай аудандық әкімдігі мен «Асыл әлем» қоғамдық қоры жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

  Наурыз мейрамы қарсаңында ұйымдастырылған шарада халық ас атасы - нанды қалауларынша ақысыз алып жатты. Арнайы көлікпен жеткізілген нан орталық көшелердің бірінде үлестірілді. Жалпы, шағынауданда ресми түрде 308 отбасы тұрады. Олардың басым бөлігі - көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар. Сондықтан, аталмыш іс-шара осында ұйымдастырылған. Өз кезегінде көпбалалы аналардың бірі  Сәлима Халметова азық-түліктің бағасы шарықтаған тұста бір күндік нанның тегін таратылуының өзі үлкен көмек деп отыр.

«Біздер үшін бір күн болса да нанның тегін берілуі көмек, көпбалалы болғандықтан. Себебі, табысымыз аз болғандықтан бәріне бірдей жеткізе алмаймыз. Тамақ та, киім де қымбаттап жатыр. Мың алғыс көктем мерекесін ескеріп, біздерді қолдап отырғандарына. Осындай іс-шаралар көбейе берсін», - дейді көпбалалы ана.

Жергілікті билік пен қоғамдық қор мұрындық болған шараға жеке кәсіпкерлер де үлесін қосты. Жаңару мен жасарудың мезгілінде осындай игілікті істің жасалғаны қарапайым халықты бір  қуантып тастады.    

Соңғы жаңалықтар