Шымкентте нөсер жауыннан он шақты үйді су басты
Жүзге жуық адамға құтқарушылардың көмегіне жүгінуге тура келді. 14 мотопомпамен су айдалды. Кейбір учаскелерде су ағынын тоқтату үшін 800 қап құм толтырылған қаптар дайындалды. Қалалық әкімдіктегі шұғыл брифингте хабарлағандай, бір сағатта айлық нормадағы жауын- жауған екен.
Егер суландыру жүйесінің жағдайы қалада қалыпты болған жағдайда, мұндай жағдай орын алмас еді. «Бұл бірнеше себептерге байланысты, - деді қаланың ТЖ басқармасы басшысының орынбасары Еркін Сарыбаев. - Шымкенттің суландыру жүйесі бір сағатта мұндай мөлшерде түсетін жауын-шашынға есептелмеген. Бұған қаланың өзендері мен арналары да дайын емес».
Бұдан басқа ТЖ маманының айтуынша, мұндай жағдайға тұрғындардың өздері де кінәлі, олар суландыру арналарын, арықтарды әр нәрсемен толтырып тастайды, су ағатын жер жоқ. Қалада арнайы комиссия құрылды, олар шығынның көлемін есептейді.